Жоба туралы

Құрметты досым!

Ғылымды зерттеу – ең қызықты іс! Ал мектеп кезі- жаңа нәрселерді үйреніп, балалардың қабілеттерін ашу және болашаққа бағдар беру. Біздің арна мектеп бағдарламасындағы әр түрлі пәндерді толық түсініп, ұл-қыздарымыздың дамуы үшін құрылды. Себебі, кейде оқушыларға бәрі қиын секілді болып көрінеді, алайда бұл ғылымның,тақырыптың оңай екенін түсінген кезде, мектептегі бағалары жақсарып, әлемді тануға деген қызығушылықтары оянады. Сондай-ақ, ғылымды ұғына отырып, өмірде немен айналысқың келетінін түсіну, өз жолыңды таңдау оңайырақ!

Сонымен қатар, біздің «МЕКТЕП ONLINE» арнасы -бұл ата-аналар мен мұғалімдерге, балаларға мектеп пәндерін қарапайым, түсінікті етіп жеткізуге арналған.

Mektep-online – бұл кіші, орта және жоғары мектеп бағдарламасына арналған 4 мыңға жуық бейнесабақты жинақталған сайт. Оның ішінде МЕКТЕП-online Математика, МЕКТЕП-online Химия, МЕКТЕП-online Биология, МЕКТЕП-online Физика атты YouTube каналдарын табуға болады. Ал 2022 жылы қырқуйек айынан бастап 1-4 сыныптарға арналған қазақша ойын мен білімді ұштастыратын Armankids атты мәтінмен толыққан. 

Біз осындай арна құру арқылы, білімді тарату -адамдар бір-бірімен бөлісе алатын ең жақсы нәрсе деп сенеміз. Білім беру, оны тегін тарату-біздің жаһандық идеямыз. Қазақ және орыс тілдерінде контент жасай отырып, балаларымыздың, еліміздің болашағы жарқын болғанын қалаймыз!

Сұрақтар және ұсыныстар үшін

📲+7 701 302 78 94


 
Публичный отчет за 2021 г. (.PDF)
 
Публичный отчет за 2022 г. (.PDF)
 
Публичный отчет за 2023 г. (.PDF)